Біз әлеуметтік желілердеміз

ШҚО-да тегін медициналық қызмет көрсететін клиникалар көбейіп келеді

Болат Алиев

Шығыс Қазақстан

ШҚО-да тегін медициналық қызмет көрсететін клиникалар көбейіп келеді

2018 жылдың басынан облыстағы денсаулық сақтау мекемелері халыққа 36,1 млрд. теңгенің кепілдендірілген тегін медициналық көмегін көрсетті6 деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ-ның облыстық филиалының директоры Болат Алиевтің айтуынша, бұл сома кепілдендірілген тегін медициналық көмектің шеңберінде бекітілген келісімшарттардағы соманың 56,2 пайызын құрайды. Жалпы алғанда облыстағы медициналық ұйымдармен барлығы 64,2 млрд. теңгенің келісімшарттарына қол қойылыпты.

-Жұмыс кестеге сай, медициналық қызмет сапасын бақылаудың жаңа талаптарына сай жүріп жатыр. Бөлінген қаражат медицина ұйымдарының шығындарын толық өтеуге жеткілікті, – деп атап өтті Болат Алиев.

Естеріңізге сала кетейік, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы елімізде тұрғындардың тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін (ТМККК) алуына жауапты бірден-бір қаржылық оператор.
Бүгінгі таңда Қордың облыстық филиалы 131 медициналық мекемемен шарт жасасса, олардың 61-і – жеке меншік клиникалар. 2017 жылмен салыстырғанда, биыл жеке меншік жеткізушілердің саны 15 ұйымға артқаны байқалады. Егер жеке меншік денсаулық сақтау мекемелерімен бекітілген келісімшарттардың сомасына келер болсақ, ол -7,9 млрд. теңгені құрайды. Бұл былтырғымен салыстырғанда екі есе көп.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...
Айна Ескенқызы

"Omnia, quae volo, adipiscar."

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары