Біз әлеуметтік желілердеміз

ҚР білім және ғылым министрлігі: Студенттер рефераты плагиатқа тексерілетін болады

Білім

ҚР білім және ғылым министрлігі: Студенттер рефераты плагиатқа тексерілетін болады

Бұл тексеруге мектептер де ілінеді. Егер плагиат екені анықталса, қатаң жазалануы тиіс

Тамыз жиыны барысында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов білім саласындағы плагиатпен күрес қалай жүргізілетінін айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі “ҚазАқпаратқа” сілтеме жасап.

 

Вице-министр Асхат Аймағамбетов ҰБТ комиссиясында жұмыс істеген кезінде көшіруге тырысқандарды жиі көргенін айтады.

– Академиялық шынайылық бізде жоқтың қасы. Оған тәрбиелемейміз де. Енді реферат, эссе, барлық университеттік жұмыстар антиплагиат бағдарламасымен тексеруден өтеді. Бұл тексеруге мектептер де ілінеді. Әр жазба жұмысы тексеріледі. Егер плагиат екені анықталса, қатаң жазалануы тиіс. Дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде көшіруге қарсы үрдіс қалыптасуы керек. Бұл істі Дарын орталығы бақылауға алуы тиіс, – деді Асхат Аймағамбетов.

Оның айтуынша, оқушылар білімі тек жаттаумен шектелмеуі тиіс.  «Кей мектептер 10-11 сыныптарда балалардың басқа сабақтарына нұқсан келтіре отырып, түрлі курстарға, тестілерге қатыстырады. Бала сабақты жаттағаннан ақылды болып кетпейді. Егер, сабақты толық түсініп алсаң, кез-келген сауалға жауап бере аласың. Мен ҰБТ комиссиясының құрамында көп жылдан бері істеп келем. Бала білмейтін сұрақ кеп қалса, үнсіз қалады. Егер оған тура осы сұрақты басқа қырынан қойсаңыз, бала түсіне бастайды. Біз балаларды тестке әбден үйреткеніміз сонша, тест сұрағының мазмұны өзгертілсе, бала түсінбей қалады. Дарынды балаларға арналған мектептерде балаға жаттатуды тоқтату керек. Бала ойланып үйренгені дұрыс. Бұл маңызды» деген ойын жеткізді педагогтарға Асхат Аймағамбетов.

Вице-министрдің сөзінше, қазіргі қалыптасып келе жатқан білім беру жүйесі баланың ойлау қабілетін арттыруға бағытталған.

– ЖОО-лар да кредиттік жүйеге көшті. Академиялық еркіндікке бағыт алды. Лекция, семинар барысында студенттер мен ұстаздар біржақты болмай, дауласып, таласып, бір-біріне сұрақ қойып отыруы тиіс. Балалар университетке келгенде оларға өте қиын. Олардың артынан жүретін мұғалім жоқ, –  деді Асхат Аймағамбетов.

 

 

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары