Біз әлеуметтік желілердеміз

Өскемен қалалық сотында фронт-кеңсе ашылды

Өскемен

Өскемен қалалық сотында фронт-кеңсе ашылды

Мұндағы барлық жұмыстар бір терезе қағидатына негізделген.

Өскемен қалалық сотында фронт-кеңсе ашылды. Осыған орай арнайы ұйымдастырылған шара барысында облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Дамир Әбдіғалиев салтанатты түрде жаңа орталықтың лентасын қиып, жұмысын бастап берді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Облыстық сот мамандарының айтуынша фронт-кеңсенің ақпараттық орталығында құжат қабылдау кеңсесі, отбасылық психологтың, медиатордың, нотариустың, адвокаттың қызметтері көрсетілетін құқықтық қызмет көрсету секторы орналасқан. Сонымен қатар электронды кезек жобасы шеңберінде құжаттарды қабылдау мен берудің автоматтандырылған бюросы, сканер, өзіндік қызмет көрсету терминалы жұмыс істейді. Сонымен бірге сот отырысының хатшысымен байланыс жасайтын телефон қойылып, мемлекеттік баж салығын төлеуге арналған терминал қарастырылған. Кеңсенің көп бөлігін ашық кеңістік құрайды. Оның іші кедергісіз қағидат бойынша көзге жайлы көгілдір, ақ түсті «хайтек» стилінде безендірілген. Мұндағы барлық шаруалар бір терезе қағидатына негізделген.

– Фронт-кеңседе облыс орталығының тұрғындарына сотқа беретін арыздардың тәртібі туралы ақпарат алуға, медиатормен және адвокатпен кеңесе отырып, өздерін толғандырған құқықтық мәселелердің шешімін табуға, сондай-ақ, сотта қаралып жатқан өтініштердің мән-жайы туралы білуге мүмкіндіктер жасалған. Мұнда қалалық сот пен адвокаттар алқасының арасында жасалған меморандум шеңберінде адвокаттар тұрақты түрде жұмыс істейді. Тараптарды іс материалдарымен таныстыруды көздейтін ақпараттың кабинеттің жасақталуы да басты жаңашылдықтың бірі, – дейді Шығыс Қазақстан облысы бойынша соттар әкімшісі басшысының орынбасары Әйгерім Хайруллинова.

????????????????????????????????????

– Жоғарғы Соттың «Үлгілі сот» жобасын жүзеге асыру шеңберінде сот төрелігін жүзеге асыру бойынша аталмыш бастама қолға алынып отыр. Азаматтар үшін жасалып отырған осы жағдай бүгінгі күннің талаптарына сай келеді және сот жұмысының ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталып отыр. Фронт-кеңсенің басты міндеті – сотқа келушілерге барынша қолайлы жағдай жасау, – деді фронт-кеңсенің ашылуы барысында Дамир Әбдіғалиев.

Атап өтерлігі, бұл осымен өңірде ашылып отырған екінші фронт-кеңсе. Мұның алдында ағымдағы жылдың мамыр айында мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотта ашылған болатын. Болашақта облыс бойынша Семей қалалық сотында, өзге де көп құрамды соттарда да ашылуы мүмкін.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары