Біз әлеуметтік желілердеміз

Алакөлде қонақүйлер байқауы өтеді

Шығыс Қазақстан

Алакөлде қонақүйлер байқауы өтеді

Алакөлдегі туристік бизнесті дамыту мақсатында төрт жұлдызды қонақүй жобасына байқау жарияланады. Бұл туралы ШҚО әкімінің Алакөлге іссапары барысында айтылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Жиында қызмет көрсету сапасын жақсарту, қоғамдық орындардағы қызметкерлердің мәдениетін арттыру жөнінде кеңінен талқыланды.  Сөз кезегін алған ШҚО әкімінің орынбасары Алмасхан Сматлаев Алакөл жағалауында 100-120 адамға арналған төрт жұлдызды қонақ үй салу үшін құрылыс жобаларының байқауы өтетінін жеткізді.

– Байқаудың жеңімпазы «Ақниет» өңірлік бағдарламасының аясында жеңілдетілген пайызбен несие алады. Оған «Даму» қоры да қолдау көрсетеді, – деді Алмасхан Сматлаев.

Жиын соңында облыс басшысы өңірдегі туризмді дамытуға үлес қосқаны үшін Үржар ауданының әкімі Серік Зайнулдинге алғысын білдірді.

– Жалпы, көл аумағын абаттандыру, туристерге жайлы жағдай туғызу мақсатында облыстық қазынадан соңғы үш жылға 4,8 миллиард теңге қаржы бөлінген еді. Енді  тағы да қосымша 400 миллион теңге  қаражат қарастырылуда, – деді Даниал Кенжетайұлы.

Сондай-ақ туристік аймақты халықаралық стандарттарға сәйкестендіру үшін әлі де кешенді жұмыстардың атқарылатындығын атап өтті. Алдағы уақытта Алакөл жағалауын дамытуға бағытталған бас жоспар бекітілмек. Оның негізінде электр энергиясымен қамту, су тарту және жер мәселелері толықтай шешіледі. Сонымен қатар Алакөл жағалауын бекіту жұмыстары жүргізіледі. Бұдан бөлек санитарлық талаптар мен өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес келмейтін дүңгіршектер сүрілмек.

Алакөл жағалауын аралап шыққан Ахметов, облыстық ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметінің бастығы міндетін атқарушы Талғат Нуриевке қоғамдық тәртіпті күшейтуді тапсырды.

– Бүгінгі күні демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қайық пенскутерлерге арнайы орындар бекітіліп, сол жерден ғана қызмет көрсетулерін қатаң тапсырамын, – деді Даниал Ахметов.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары