Біз әлеуметтік желілердеміз

Семей сауатсыз көше атауларынан арылмай тұр

Семей

Семей сауатсыз көше атауларынан арылмай тұр

Кезекті сорақы жазуға көз шалынды

Өткенде ғана сауатсыз жазылған көше атауы жайлы қозғаған  едік. Араға көп ұзамай тағы бір орфографиялық қылмыстың үстінен түстік.   

Шәкәрім даңғылынан ат шаптырым жерде кезекті сорақы жазуға көз шалынды. Бұл жолы соғыс қаһарманы Бауыржан Момышұлының көшесінде батырдың есімі бұрыс көрсетілгенін байқадық. Анығын айтқанда, тағы сол бағдаршамның төменгі жағында «Б. Момыш-ұлы көш.», – деген оғаш жазуға қос жанарымыз еріксіз ұрынды.

Сауатсыз көріністің енді бір сыңары жолдың қарсы бетінде тұр. Оған Қабанбай батыр және Бауыржан Момышұлы көшесінің қиылысында қаныға аласыз. Көзбен көрем деушілер асықпаса да болады. Мұны әкім-қаралар білмейді емес, біліп жүр.  Өйткені бұл мәселені ақпарат құралдары 2013 жылдан бері қаузап келеді. Алайда арада бес жыл өтседе естір құлақ, көрер көз табылмай отырғаны өкінішті.

Жуырда ғана Семейге даңқты қолбасшының келіні Зейнеп Ахметова келген еді. Зерделі ана орфографиялық қылмыстың куәсі болғанда қандай күйде болар еді? Рас, осы сауал бізді де алаңдатады. Бұл тек шаһардың орталығындағы ахуал. Ал шеткі аудандар да осыған ұқсас жайттердің болмасына ешкім кепілдік бермейді.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары