Біз әлеуметтік желілердеміз

Семейде зергерлік бұйымдар көрмесі ашылды

Фотосурет автордыкі

Семей

Семейде зергерлік бұйымдар көрмесі ашылды

Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Күміс сиқыры» атты көрме

Бүгін Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Күміс сиқыры» атты көрменің ашылу салтанаты өтті.
Мәдени-танымдық шараның негізгі мақсаты – ұлттық нақышта жасалған зергерлік бұйымдарды халыққа көрсету және олардың түрлері мен қасиеті туралы кеңінен мағұлмат беру болып табылады.

Көрмеге музей қорынан алынған 135 әртүрлі ою-өрнектермен безендірілген әшекейлер мен сәукеле, кимешек, тақия сынды бас киімдер қойылды. Сондай-ақ, ХIХ ғасырға жататын көне заттар мен тарихи жәдігерлер топтамасы да көрермен назарына ұсынылды.


-Көрме өтеді деген хабарландыруды естігенде міндетті түрде барып, көремін деп достарыма уәде еткен болатынмын. Бүгін міне келдім бәрі ойдағыдай болып жатыр. Шыны керек, маған барлығы өте қатты ұнады. Экспозицияға қойылған барлық заттар көздің жауын алып тұр.Жалпы алғанда, жақсы көремін осылай демалғанды. Ұнайды және басқаларға да кеңес беремін,- дейді көрмені тамашалауға келген Мақпал Сембинова.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары