Біз әлеуметтік желілердеміз

Семейде «Ақ тілекпен, Астана» атты сурет көрмесі көпшілікті таңқалдырды (фото)

Фото автордыкі

Семей

Семейде «Ақ тілекпен, Астана» атты сурет көрмесі көпшілікті таңқалдырды (фото)

Әртүрлі жанрларда кескіндеп бейнелеген 110-ға жуық сурет көпшілік назарына ұсынылды

Бүгін Невзоровтар атындағы Шығыс Қазақстан облыстық бейнелеу өнері музейінде Елордамыздың 20 жылдығына орай «Ақ тілекпен, Астана» атты көрме ашылды. Көрмеде Қазақстанның ең үздік қылқалам шеберлерінің әртүрлі жанрларда кескіндеп бейнелеген 110-ға жуық суреттері көпшілік назарына ұсынылды.

Келем деуші әрбір қала тұрғынына мұражай есігі ашық болды. Музейдің әр қабырғасында ілініп тұрған көп жылдық тарихы бар картиналар көздің жауын алып, дәл осы күні ерекше кейіпке еніп, жаңаша бір леппен жандана түскендей көрінді.

Келуші қонақтар Рафаэль Слекенов, Ақтоты Смағұлова, Динара Нүгер, Зұлқайнар Қожамқұлов сынды дарынды тұлғалардың түрлі стильдер мен дәуірлерді байланыстыратын портреттерін тамашалап қана қоймай, әрбір суреттің тарихына терең үңілді.

Көрермендерге үлкен эстетикалық ләззат беретін туындылардың көбісінде суретшілер қазақ халқының сан ғасырлық тарихы мен мәдениетін бейнелесе, енді бір бөлігі абстракция және модерн тұрғысынан өз ойларын өзгеше бір қырынан көрсете білген. Ал басқалары әлемдік өнердегі жаңа сөзді айтуға ұмтылады.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары