Біз әлеуметтік желілердеміз

Иранның қыздары екінші рет жеңілді

Сурет автордікі

Спорт

Иранның қыздары екінші рет жеңілді

Жаңа ғана Өскемендегі Б.Александров атындағы Спорт сарайында ирандық “Пайкан” мен тайбэйлік “CMFC” волейболшылары арасындағы кездесу аяқталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл матч та осының алдындағы жапондық “НЕК Ред Рокетс” пен тайландтық “Суприм” ұжымдарының ойыны сияқты бес партияға созылды.

Аса тартысты өрбіген бұл ойында 3:2 есебімен қытайлық Тайбэйдің чемпиондары жеңісін тойлады. Бірінші партияда 26:24 есебімен ирандық қыздар басым түскенімен келесі кезең дәл сондай есеппен тайбэйлік арулардың пайдасына аяқталды.

Үшінші партияда 25:15 есебімен жеңіске жеткен тегерандық ұжым, алайда келесі, төртінші кезеңде басымдығын ұлғайта алмай, қарсыласына 16:25 жол беріп қойды.

Төртінші партиядағы сенімді жеңісі тайбэйлік волейболшыларға күш-жігер берген болуы керек, шешуші кезеңде оларды тоқтату мүмкін болмады. Ирандық бұрымдылар әжептәуір қарсыласқанымен, бұл кезеңде 15:11 есебімен “CMFC” волейболшыларының мерейі үстем болды.

Қорытынды есеп 3:2.

Бұл тайбэйлік команданың биылғы додадағы бірінші ойыны болғанын айта кеткен жөн. Ертең олар өскемендік “Алтаймен” күш сынасатын болады. Аталған ойын кешкі сағат 19:00-де басталмақ. Өз кезегінде қатарынан екінші матчта жеңілістің кермек дәмін татқан Парсы елінің волейболшылары үшін жарыстың топтық кезеңі аяқталды.

Енді олар плей-офф кезеңіне дайындалатын болады.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары