Біз әлеуметтік желілердеміз

Жапон қыздары Тайланд командасын жеңді

Спорт

Жапон қыздары Тайланд командасын жеңді

 

Жапон қыздарының ащы айғайы естіліп еді баста. Ойын соңында жанайқайы шықты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Жанайқай шіркін өзінің жемісін де берді. “Шаршағанда “әуп” деген де күш береді” дегендей, 2:0 есебімен ұтылып жатқан жерінен жұлып алды жеңісті. Толық бес кезеңді ойнап шықты қос ұжым.

Ел күтсе күткендей-ақ кездесу болды. Кездесу емес-ау, қып-қызыл майдан.

Айтпай кетуге болмас, 16 нөмірдегі Аратани Шиори (Nec redrockets командасы) мен 1 нөмірдегі Пайрож Супаттраның (Supreme командасы) шеберлігі жиылған көпшілікті тамсандырды. Бірі шабуылдың қанын қыздырса, екіншісі қорғаушылықтың ерен үлгісін паш етті.

Бес бөлімнің қортынды есебі: 20:25, 21:25, 25:22, 25:18, 15:11

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары