Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұлан ауданының Асубұлақ кентінде шешілмеген мәселе көп

Шығыс Қазақстан

Ұлан ауданының Асубұлақ кентінде шешілмеген мәселе көп

Ұлан ауданына ҚР Парламентінің депутаттары Василий Олейник, Арман Қожахметов, Қанат Мусин жұмыс сапарымен келіп, халықпен кездесті.

Депутаттар өз кездесулерін Асубұлақ кентінің тұрғындарымен өткізді. Халықпен кездесу барысында депутаттар құқықтық заңға енгізілген өзгерістер жайлы, тәртіп сақшыларына, әскери қызметкерлердің баспанасына қатысты мәселелерге тоқталды. Білім саласындағы өзгерістерге тоқталды.

-Бір кездері біздің кент қала типінде болған, қазір керісінше, ауылға ұқсайды. Бізде жұмыс орны жоқ. Біз бағалы металдарға бай жерде тұрып жатырмыз. Бізге жер қойнауындағы металдарды өндірумен айналысатын демеушілер тауып беріңіздерші. Бізге жаңа жұмыс орындары өте қажет, – деді ардагерлер алқасының төрайымы.

Сонымен қатар, тұрғындар кенттегі мәдениет үйін салып беруді сұрады. Интернет желісі жоқ екендігі айтылды. Кенттегі ақсақалдар алқасының төрағасы Асубұлақ кентіндегі ауыз су мәселесін көтерді.

-Белогор комбинаты істеп тұрған кезде, 1980 жылдардың соңында бізге жапондар келді. Олардың қолдарында арнайы радиацияны анықтайтын құралдары болды. Сол құралдармен тексеру жүргізгенде, олар шошып кетті. «Бұл жерде тұру мүмкін емес» деді. Кейін комиссия келді, өзеннің, ұңғымалардың суын ішуге тиым салды. Сол кезде комбинат жерді зерттеп, 60 шақырым жерден таза суды анықтап, 6 ұңғыма жасап, құбырлап қойып бастады. Бірақ 1990 жылдар басталып, комбинат жабылды. Ал біз сол рұқсат етілмейтін суды қайта іше бастадық, – деді ақсақалдар кеңесінің төрағасы.

Ақсақал бұл сұрақты жыл сайын көтереді екен. Бірақ аудандық деңгейде бұл мәселе шешімін таппай тұр. Көтерілген көптеген сұрақтарды депутаттар өздеріне тіркеп алды.

-10 тамыздан кейін бізде депутаттардың кезекті жиыны өтеді. Кент ішіндегі жолдарды жөндеу мәселесі мен кент әкімдігінің шатырын жөндеу мәселесі қаралатын болады. Бұл екі мәселе биыл шешімін табатын болады, – деді аудан әкімінің орынбасары Мұрат Манарбекұлы.

Сондай-ақ, Мұрат Манарбекұлы су мәселесі аудандық әкімдіктің қарауында, бұл өзекті мәселе болғандықтан бір күнде шешіле қоймайтынын атап өтті.

 

Айым Касембаева

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары