Біз әлеуметтік желілердеміз

ШҚО полицейлері қорадағы малды ұрылардан қалай қорғау керектігін айтты

Қоғам

ШҚО полицейлері қорадағы малды ұрылардан қалай қорғау керектігін айтты

Шығыс Қазақстанда алты айдың ішінде 175 бас мал ұрланған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Облыстық ішкі істер департаментінің дерегі бойынша, ұрланған малдың көбі өрістен жоғалған.

«Ұрылар әсіресе мал кезегі ұйымдастырылмаған ауылдарда қатты қимылдаған. Жайлаудағы малдың қараусыз қалуынан да мал жиі жоғалуда. Өріске айдаған малын апталап түгендемейтін адамдар бар. Ұрылардың көзіне көбінесе осындай табындар түседі. Полицияға жүгінгендердің кейбірі малының қай уақытта, қай тұстан жоғалғанын да айтып бере алмай жатады. Ал 5 шілде күні Семей қаласының Әуезов аудандық полиция бөлімшесіне хабарласқан Қаракөл ауылының тұрғыны 13 қойын сақшылармен бірге 9 шақырым жерден тауып алған. Яғни, кейбір ұрланды деген малдар жай ғана алысқа ұзап кетіп жатады» – дейді департаменттің мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының басшысы Айгерім Нұрғазина.

ШҚО полиция қызметкерлері малын жиі түгендеп, өріске қараусыз жібермеуге шақырады.

«Малды ұрының сұғанақ қолынан сақтау үшін сақтаудың ең оңай тәсілі – ұйымдасқан кезекке қосу. Әр баста ен-таңбаның болғаны да іздеуге көп көмегін тигізеді», – делінген департамент таратқан ақпаратта.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары