Біз әлеуметтік желілердеміз

«Картон патруль» ШҚО-да жол күзетіп тұрған 12 муляж бар екен

Шығыс Қазақстан

«Картон патруль» ШҚО-да жол күзетіп тұрған 12 муляж бар екен

ШҚО ІІД «картон паурльді» жол бойына не мақсатпен қойғанын айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Кеше Қасым Қайсенов кенті маңындағы трассада пайда болған автокөлік муляжы елді біраз дүрліктірген еді. Тұрғындар көпшілігі мұны біреулердің қалжыңы деп түсінді. Жақында ғана кентке кіре берістегі полицияның бақылау посты алынып тасталғандықтан, жол сақшылары осындай әрекетке барды дегендер де болды. Істің мән-жайы енді анықталды.

ІІД баспасөз қызметкерлерінің айтуынша, облыс көлемінде 12 патрульдік көліктің картон муляжы бар. Олар Семей, Риддер, Самар, Шемонаиха бағытындағы трассаларға қойылған.

– Біздің қызметкерлер зерттей келе, жол-көлік оқиғасы ең көп орын алатын төрт бағытты таңдап, патурльдік көлік муляждарын қойды. Бұл жүргізушілердің сақытығын арттыра түседі. Бірақ олар бір жерге қысқа мерзімге ғана қойылады. Ұдай орнын ауыстырып отырады, – дейді ШҚО ІІД баспасөз қызметі.

Қасым Қайсенов маңындағы картон көлік Алмасай жаққа жылжып кетті.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары