Біз әлеуметтік желілердеміз

Семейде балаларға тегін шоколад таратылды

Қоғам

Семейде балаларға тегін шоколад таратылды

Дүниежүзілік шоколад күніне орай Семей қаласының Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен №1 Семей қалалық арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында «БІРГЕ ЖАРҚЫРАЙМЫЗ!» атты қайырымдылық науқаны  өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

-Балалар әрқашан барлығымыздың қамқорлығымызда болуы керек,-деді Семей қалалық Жастар орталығының директоры Олжас Соғымбай,-әсіресе, мүгедек не науқас, не болмаса көп балалы отбасынан шыққан балаларды назардан тыс қалдыруға болмайды.
Науқан аясында орталықта тәрбиеленуші жастарға ойындар ойнатылып, тәрбиеленуші жастар өз өнерлерін ортаға салды. Көңілді кеш соңында барша қатысушыларға тәтті шоколад табыс етіліп, естелік суретке түсу рәсімі өтті.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары