Біз әлеуметтік желілердеміз

ШҚО-да тасқынға тосқын қою үшін 2 млрд астам ақша керек

Қоғам

ШҚО-да тасқынға тосқын қою үшін 2 млрд астам ақша керек

Ит жылы енген көктемнің Шығыс Қазақстандықтарды біраз итшілеткен тірлікке салғаны белгілі. Тасқыннан 6 қала мен 12 аудан зардап шекті. 1,2 мың тұрғын үйге су кіріп, оның 128 тұруға жарамсыз деп танылған еді. Табиғаттан тосын сый күтпеген билік басындағылар бармағын тістеді. Содан болар тасқынға тосқын қоюға ерте қамданды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

2020 жылға дейін межеленген үлкен жоспар басталып та кетті. Арнайы жасақталған топ аймақтардың Жол картасын құрып, аралап, қауіп деңгейі жоғары өзендер мен тоғандардың, су қоймалары мен гидротехникалық ғимараттардың жағдайын зерттеп қайтты. Нәтижесінде, «әлсіз орындар» тізімі жасалды дейді әкімдіктегілер.

ШҚО әкімінің орынбасары Серік Ақтановтың айтуынша, аса қауіпті аймақтар қатарына Зырян, Шемонаиха, Катон-Қарағай, Көкпекті, Ұлан Аягөз аудандары, сондай-ақ, Риддер, Семей және Өскемен қалалары кірген. Осы ретте Жол картасы бойынша аталмыш учаскелерде үш жылдың ішінде 81 іс-шара өткізу жоспарланып отыр.

– Гидротехникалық ғимараттар жөнделініп, қайта қалпына келтіріледі. Түбін тереңдету және жағажайды бекіту жұмыстары жүргізіледі. Бүгінде жиналған лайдың көлемі анықталды, сонымен қатар үйінді күйіндегі қорғаныс дамбалары жасалады. Осы жоспарлы істі жүзеге асыру үшін облыстық бюджеттен 2 миллиардтан астам теңге қарастыру керек, – деді ШҚО әкімінің орынбасары Серік Ақтанов.

Бұдан бөлек, Жол картасы аясында қарғын су және жаңбыр суының ағып өтуі үшін қалалар мен аудандардың әкімдеріне елді мекендердің су тарту сызбасын жасау және бекіту тапсырылды. Сондай-ақ, өзен арналарында мұзды жару жұмыстарын ерте бастау жоспары жасалады. Әсіресе, Ертіс, Үбі және Бұқтырма өзендері басты назарда болмақ. Осы жұмыстардың игерілуіне 2 млрд  асатам қаржы керек деп күтілуде.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары