Біз әлеуметтік желілердеміз

Тайландтағы балалар қамалған үңгір енді бизнес көзіне айналмақ

Әлем

Тайландтағы балалар қамалған үңгір енді бизнес көзіне айналмақ

Таиландта үңгірде қалған балалар толықтай эвакуацияланды. Құтқару операциясы 8 шілдеде басталып, сол күні – төрт бала, ертеңінде үш бала құтқарылған болатын. Ал қалған алтауы үшінші күні жер бетіне шығарылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Құтқарылған балалардың бойынан жұқпалы ауру белгілері де байқалғанын жазғанбыз өткенде. Иә, ол рас. Десе де, дәрігерлер аурудың қауіпті емес екендігін, санаулы күндерде спортшылардың құлан таза айығып кететіндігін айтып отыр.

Айтайық, «Орман қабаны» деп аталатын жергілікті жастар футбол командасының ойыншылары қамалып қалған үңгір енді туристік нысанға айналуы мүмкін. Бұл туралы ұлттық парктер басқармасы басшысының орынбасары Чонгклай Ворапонсатрон мәлімдеді.

– Қазіргі қаржылық қиын жағдайда мұндай істі қолға алу бізге оңайға соқпасы анық. Әйтсе де, бұл нысанды көріп-тамашалауға әлем халқы құлшынып отыр, – деді Ч.Ворапонсатрон.

Тағы бір жаңалық. Таиландтқа сапарлап келуге мүмкіндігі жоқ жандар енді осынау жерді кинодан көре алады. Pure Flix атты голливудтық танымал киностудияның режиссері Майкл Скотт аталмыш оқиғаны киноға айналдырмақ. Ол тіпті қазір Таиландтқа жетіп те алған көрінеді.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары