Біз әлеуметтік желілердеміз

“Алтай” ирандық команданы жеңді

Спорт

“Алтай” ирандық команданы жеңді

Есеп 0:3. Ирандықтар есе жіберді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бірінші бөлім қортындысы – 18:25, екіншісі – 16:25, соңғысы – 17:25.

– Қарсыластан басым түстік, десе де ойын оңай болған жоқ. Бірінші сайыс қашан да қиын ғой. Психологиялық даярлық мықты болуға тиіс. Алдағы ойындарға да жақсылап дайындаламыз, – деді Алтай клубының бас бапкері Юрий Панченко.

Айта кетейік, ойын барысында алтайлық Алла Богдашкина жарақат алды. Оның жағдайының қалай болары команда бапкеріне де беймәлім.

– Спортшының жайын дәрігермен сөйлескен соң ғана айта аламыз, – деді ол.

Ал ирандық команданың жаттықтырушысы ашылу салтанатынан кейін ойын бірден басталып кеткендіктен  ет қыздыру дайындығына уақыт жетпей қалғанын айтты.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары