Біз әлеуметтік желілердеміз

Семейде бояулар фестивалі өтті (фотогалерея)

Фото автордыкі

Семей

Семейде бояулар фестивалі өтті (фотогалерея)

«Open Air – 2018»

Осыдан 10 жыл бұрын 6 шілде – Астана күні мемлекеттік мерекелер тізіміне енген болатын. Осы кезден бастап бұл мерейлі дата – өңіріміздің әр түкпірінде кең көлемде тойланып, түрлі мерекелік шаралар өткізіліп келеді. Биыл да бұл үрдіс жалғасын тауып, елордамыздың 20 жылдық мерейтойын Семей жұртшылығы ерекше атап өтті.

Ең алдымен «Біз Астананың құрдастарымыз » деген ұранмен Шәкәрім университетінің студенттері қаламыздағы Семей облыстық тарихи-өлкетану мәдени мекемесіне, М. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің мұражайына, сонымен қатар Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейіне барып, тарих беттерінен сыр шертетін жәдігерлермен танысты.

Бұдан кейін Ертіс өзені жағалауында қала тұрғындырының қатысуымен «Open Air – 2018» фестивалі ұйымдастырылды. Шара бірнеше бөлімді қамтып, өте қызықты сәттермен есте қалды.
Нақтырақ айтсақ, 500-ге жуық жастар бір-біріне қызылды-жасылды бояу шашып, айналаның барлығын әртүрлі түстермен әрлендіре түсті.

Салтанатты жиын концерттік бағдарламамен ұласып, ұйымдастырушылар әзірлеген көптеген сайыстармен жалғасын тапты. Сондай-ақ, кеш соңында байкерлер шеруі өтіп, 14 жасқа дейінгі бүлдіршіндерімізге тегін балмұздақтар таратылды.

-Шыны керек, бұл фествальді мен ұзақ күттім. Маған қазір барлығы өте қатты ұнап жатыр. Көріп тұрғандарыңыздай, 5 минут ішінде адам танымастай өзгеріп кеттім. Бұл игі шара алдағы уақытта да жалғасын тапса екен. Ұйымдастырушыларға алғысым шексіз, осындай жоғары деңгейде өтеді деп ойламадым,-дейді шараға қатысушы Томирис Қажыбекова.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары