Біз әлеуметтік желілердеміз

Елбасы Өскемендегі роботтандырылған хирургия орталығында болды

Денсаулық сақтау

Елбасы Өскемендегі роботтандырылған хирургия орталығында болды

Осы кешеннің арқасында Өскеменде медициналық туризм де қарыштап дамиды деген үміт бар

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Шығыс Қазақстан облысындағы жұмыс сапары аясында Өскемен қаласындағы роботтандырылған хирургия орталығында болып, жергілікті дәрігерлермен кездесті, деп хабарлайды Алтайньюс  тілшісі.

Облыста цифрландыру ісі медицинаға да дендеп енуде. Осыған дәлел ретінде Елбасы назарына Өскемен қаласының №1 ауруханасындағы роботтандырылған хирургия орталығы ұсынылды. Мыңнан астам адамды жұмыспен қамтып отырған аурухана соңғы 2-3 жылда материалдық-техникалық жабдықталу жағынан үлкен өзгерістерді басынан кешірді. Соның ең елеулісі -роботтандырылған ота орталығы. Оның жұмысын жүргізу үшін 4 маман іріктеліп, Италия мен Алманиядан қосымша білім алып, біліктіліктерін көтерген болатын. Ал ота жасаушы роботты іске қосып, жергілікті мамандарды үйретуге Италиядан Стефано Джидаро есімді профессор шақыртылған. 27 наурыздан бері аталмыш маман Өскеменде еңбектенуде. Оның басқаруымен «оташы робот» 36 науқастың алғысына бөленіп үлгерді. Жуықта ғана бұл ауруханада әлемде тұңғыш рет бүйрек алып тастау отасын робот атқарды. Келешекте роботтың көмегімен жылына 500 ота жасау көзделген.

Облыс әкімі Даниал Ахметов мұндай роботтандырылған орталық Қазақстанның өзге өңірлерінде жоқ екенін атады. Осы кешеннің арқасында Өскеменде медициналық туризм де қарыштап дамиды деген үміт бар.

Ақ желеңді мамандар кездесу барысында Президентке медициналық қызмет сапасын арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде ақпарат ұсынылды. Облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова өңірдегі медицина мекемелерін заманауи материалдық базамен қамту үшін 2020 жылға дейін 23,4 млрд теңге бөлінетінін атады.

«Облыстағы барлық медициналық мекемелердің жабдықталуына терең талдау жасаған болатынбыз. Сол талдаулар салаға 23,4 млрд теңгенің жабдықтарын алу қажеттігін көрсетті. 2019 жылдың аяғына дейін осы қажеттілікті 100 пайызға қамтысақ деген жоспарымыз бар.  Мамандарымызды шетелдің үздік медицина орталықтарына жіберіп, біліктіліктерін арттырып жатырмыз. Өңірлік бағдарлама аясында 3 жылда 173 маманды ұзақ мерзімді оқу курстарына жібермекпіз» – деді Әсем Нүсіпова.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары