Біз әлеуметтік желілердеміз

ШҚО-да ашыққан жігіт азық-түлік ұрлаймын деп қолға түсті

Қоғам

ШҚО-да ашыққан жігіт азық-түлік ұрлаймын деп қолға түсті

Материалдық шығынды шағымданушы әйел 140 теңгеге бағалап отыр

Шемонаиха ауданының тұрғыны 8 мамыр мен 16 маусым аралығында «Северный» кооперативінде орналасқан гражын тонап кеткендігін айтып, жергілікті полицияға шағымданды, деп хабарлайды Алтайнюс тілшісі.

Полиция қызметкерлері “ала жіп” аттаған 25 жасар жігітті алысқа ұзатпай құрықтады. Ашыққан жігіт алты қап картоп пен қырық банкі қысқы азықты жымқырып қана қоймай, ресей автокөлігінің бөлшектері мен біраз металл сынықтарын да арқалай кеткен екен. Осы материалдық шығынды шағымданушы әйел 140 теңгеге бағалап отыр.

ШҚО ІІД баспасөзінің хабарлауынша, жас жігіт ұрлаған дүниелерін жайғап үлгерген. Осы жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары