Біз әлеуметтік желілердеміз

ШҚО-да бүгін жол апатынан төрт адам қаза тапты (видео-аудио-фото)

Оқиғалар

ШҚО-да бүгін жол апатынан төрт адам қаза тапты (видео-аудио-фото)

Өскемен-Тарбағатай тас жолында

Тарбағатай мен Көкпекті аудандарының аралығындағы тас жолда бүгін сұмдық жол апаты болды. Жол үстінде  екі автокөлік бетпе-бет соғылысып, төрт адам көз жұмған. Бұл туралы оқиға орнындағы куәгерлер хабар берді.

Жол апатында қаза болғандар –  тарбағатайлық таксист, екі жолаушы әйел адам және екінші көліктегі жүргізуші жігіт. Көз жұмған әйелдердің бірі көлікте жолдасымен және немересімен отырған екен. Аман қалған жолаушылар барлығы дерлік ауыр жарақаттар алған.

-Жол апатында төрт адам көз жұмды, – дейді жол апатының куәгері, Мейір есімді азамат. – Екінші көліктегі жүргізуші зайсандық жігіт бас кезінде  тірі болатын. Көліктен алып шыққан соң жан тапсырды. Артқы жақта Зайсанның жас қызы қауіпсіздік белдігін тақпай отыр екен, басы жарылып, аяғы сынған. Тағы бір жолаушының қолы, қабырғасы  сыныпты. Бір бала аман, алдына сөмкесін ұстап отырған, рюкзактың арқасында тірі қалды.

Куәгерлердің айтуынша, жедел жәрдем көлігі оқиға орнына  екі сағаттан кейін әрең жеткен.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары