Біз әлеуметтік желілердеміз

Тарбағатайдың қойнауында тағы бір мешіт бой көтерді

Сурет автордікі

Руханият

Тарбағатайдың қойнауында тағы бір мешіт бой көтерді

Ағайынды Тілемісовтер мұрындық болған бұл игі іске ауылдастар жаппай атсалысты

Ер Қабанбай ауылы Үржардың солтүстік беткейінде, Тарбағатай тауының қойнауына орналасқан. Осыдан бірнеше жылдар бұрын «Қызыл қазақ» деген атауынан құтылған елді мекеннің батыр баба есімін иемденгеніне де он жылдан асты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Жері шұрайлы, халқы шырайлы елді мекенде осыдан екі жыл бұрын ғана жаңа орта мектеп бой көтерген болатын. Енді кәсіпкер азаматтардың демеушілігімен үлкен да ажарлы мешіттің құрылысы аяқталып, Алла үйінің ашылу салтанаты болды. Ағайынды Тілемісовтер мұрындық болған бұл игі іске ауылдастар жаппай атсалысты.

-Тәуба дейміз, ауданымызда бойларына имандылық ұялаған заматтардың арқасында жаңа мешіт үйлері бой көтеруде. Жастарды дұрыс жолмен жүруге тәрбиелейтін мұндай мешіттердің ашылып жатуы құптарлық жайт,-деді Алла үйінің ашылу салтанатында сөз сөйлеген Үржар аудандық орталық мешітінің имамы Нұрзат қажы,-Мешіттің іші жамағатқа толсын, бауырлар!

Бестерек ауылдық округіне қарасты Ер Қабанбай ауылының халқы үшін бұл зор қуаныш болды.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары