Біз әлеуметтік желілердеміз

Катонқарағай ауданында су құбырын тарту кезінде адамның бас сүйегі табылды (фото)

Фотосуреттер әлеуметтік желіден алынды

Шығыс Қазақстан

Катонқарағай ауданында су құбырын тарту кезінде адамның бас сүйегі табылды (фото)

Аққайнар ауылында экскаваторшылар адамның бас сүйегі мен бір заттарға іліккен екен

Міне, қызық! Катонқарағай ауданында қарасты Аққайнар ауылында су құбырын тарту кезінде экскаваторшылар адамның бас сүйегі мен бір заттарға іліккен екен. Бұл туралы facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында Ғалымжан Қиясбек хабарлады.

Айта кетсек, Ғалымжан Қиясбек – Әлкей Марғұлан атындағы археология институтының ғылыми қызметкері. Қазір ол Берел қорымындағы қазба жұмыстарында жүр екен.

Аққайнардан табылған кездейсоқ тарихи олжа туралы хабар түсе салысымен, археолог мамандар сол жаққа ат басын бұрған.

Бас сүйекпен бірге жерден көне қола қазан мен темір бұйымдардың сынықтары да шығыпты.

-Қола қазан сақ-скиф (іскус) кезеңіне жататын, әдейі іздеп жүріп, қазып жүріп таба салатын дүние емес. Өте тамаша олжа! Осындай дүниелердің ғылыми археологиялық қазбалардан емес, кездейсоқ қазбалардан табыла кететіні қалай қызық. “Алтын шыққан жерді белден қаз” демекші кездейсоқ бұзылған ескерткіш орнын жақсылап аршып, тазалап қазба жасадық, – деп жазады Ғалымжан Қиясбек.

Кісі сүйегі жер бетінен 20-30 см-дей ғана тереңдікте жатқан екен. Ал жер бетінде ешбір үйіндінің ізі де қалмапты. Сол маңайда тұрып жатқан ауыл адамдарының айтуынша, қазір құбыр салынып жатқан көше дәл жолдың үсті болмай тұрған жылдары (20-30 жыл бұрын, тіпті, одан да еретеректе) мұнда үйдің орны, бау-бақшасы болған.

-Қазу барысында, расында, сақ адамының сүйектерінің біразы сол ертеректе орнынан қозғалып қопарылғаны анықталып отыр. Жан-жағы құрылыс қалдықтары мен мал сүйектері сияқты қоқысқа толы болып шықты. Оба үстіндегі үйігі, тіпті, қабір шұңқырының біраз бөлігі сол талай жылдардан бергі жерді игеру кезеңдерінде қырып алынып, жұқарып кете берген сыңайлы. Қалған қабірді қазу барысында бір емес, екі кісіні қатарынан басын батысқа қаратып қойғаны анықталды, – дейді Ғалымжан Қиясбек.

Қазба жұмыстары әлі толық аяқталмаған. Археолог мамандар алдағы уақытта тағы жағымды жаңалықтар болады деп үміттенуде.

 

 

 

 

 

 

 

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары