Біз әлеуметтік желілердеміз

Риддерде ескі дөңгелектерді кәдеге жаратпақ

Шығыс Қазақстан

Риддерде ескі дөңгелектерді кәдеге жаратпақ

Қара май мен битум өндіре бастайды

Облыста көліктің ескі дөңгелектерінен қара май мен битум өндіре бастайды. Алынған өнім жол жөндеу жұмыстыры кезінде пайдалынылады.

Мұндай жолмен өнім алу осы жазда Риддер қаласында салынатын қоқыс өңдеу зауытында жүзеге асатын болады.Аталмыш жобаның жалпы құны 200 миллион теңгені құрап отыр. Қоқыс өңдеуге арналғанресейлік құрылғылар сатып алынып, Риддер қаласына әкелініп те қойған. Сараптамадан өткен жоба мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына жіберілді.

—       Осы маусым айында құрылысқа рұқсат аламыз дегенжоспарымыз бар. Құрылыс жұмыстары осы жазда басталып, келер жылдың басында аяқталуытиіс,-дейді Риддер қаласының әкімі Жомарт Мұратов.

Шаһарда бой көтеретін қоқысөңдеу зауыты қара май мен битум өндірумен қатар, тұрмыстық қатты қалдықтардан өзгеде өнім алмақ. Ең бастысы зауыт ашылса қаладажаңа жұмыс орындары да пайда болады.
 

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары