Біз әлеуметтік желілердеміз

Жаңа салық кодексінің жаңалығы көп

Экономика

Жаңа салық кодексінің жаңалығы көп

Әлеуметтік салық мөлшері 11%-дан 9,5%-ға дейін азайтылды

Үстіміздегі жылдың 1-қаңтарынан бастап «Салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер» туралы Қазақстан Республикасының кодексі қолданысқа енгені бармамызға аян. Енді осы өзгерген Салық кодексінің артықшылықтары неде? Тиімділігі  мен өзгешелігі қандай?
Облыс бойынша Кірістер департаментінің басшысы Бауыржан Айнабековтың айтуынша, жаңа Салық кодексін дайындауға бизнес-қоғамдастық белсене қатысқан, сондай-ақ «Атамекеннің» бірқатар ұсынысымен бастамасы ескеріліп, енгізілген.
Нәтижесінде әлеуметтік салық мөлшері 11%-дан 9,5%-ға дейін азайтылды, салық төлеушінің адалдық қағидасы енгізілді, егер салық төлеуші салық органының түсіндіруі бойынша әрекет етіп, оның соңында солпозиция өзгеріп кеткен болса, айыппұл, өсімпұл қолданылмайды, 2020 жылдан бастап шағын және орта бизнес үшінталап қою мерзімі 5 жылдан 3 жылға қысқартылады, ал басқалары үшін 5 жыл болып өзгертілді. Сондай-ақ, алкоголь өнімдерін сақөтау және көтерме саудада сатуда, ойын бизнесі салалырында қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін лицензия алғандарға жаңа төлем қарастырылған. Енді аталмыш қызмет көрсету үшін лицензия алған тұлғалар салықты бірден емес, жыл көлемінде төртке бөліп төлейді.
Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары