Біз әлеуметтік желілердеміз

Ақбілектің прототипіне ескерткіш орнатсақ…

Сұрақ-жауап

Ақбілектің прототипіне ескерткіш орнатсақ…

Сауалға Күршім ауданының әкімі Сейсенғазы Чукаев жауап берді

– Жүсіпбек Аймауытовтың әйгілі «Ақбілек» романындағы Ақбілектің прототипі Дариға Әбішқызының зираты бүгінде Күршім ауданының Жаңауыл ауылында қараусыз жатыр. Мен ол кісінің немере келіні боламын. Біз туыстары жыл сайын жиналып, басына барып, құран бағыштап, қатым түсіріп қайтамыз. Ал ескерткіш қоюға қаржы жеткіліксіз. Соңғы жылдар ішінде Дариға Әбішқызының Қытайдағы, осындағы талайлы тағдыры, болыстық қызметі жайында облыстық, республикалық басылымдарда көп жазылды. Оны қайталаудың реті жоқ. Сондықтан Жүсіпбек Аймауытовтай тұлғаның романына арқау болған апамызға лайықты құрмет көрсететін уақыт жеткен сияқты.

Гүлзайра Өтеулина

Перевальное ауылы,

Глубокое ауданы.

Сауалға Күршім ауданының әкімі Сейсенғазы Чукаев жауап береді:

– Еліміз тәуелсіздік алғаннан бастап жергілікті атқарушы орган және шығармашылық одақтар, қоғамдық ұйымдардың ұсынысы бойынша өңірімізге белгілі қайраткерлерге, ұлы тұлғаларға, хандарымыз бен батырларымызға арналған ескерткіштер орнату жүзеге аса бастады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткіштер мен монументтер жөніндегі Мемлекеттік комиссия құру туралы» №311 қаулысына сәйкес орнатылатын ескерткіштер белгіленген тәртіппен Мәдениет министрлігінің қарауына ұсынылуы керек.

Сондықтан Г.Өтеулинаның өтініші орынды болғанымен, ауданның жоспарына енгізілетін ескерткіштер орнату жұмыстары заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары