Біз әлеуметтік желілердеміз

Семей тұрғындары мүгедектік ала алмай жүр

Қоғам

Семей тұрғындары мүгедектік ала алмай жүр

Мүгедектік мәселесін бірден шешу мүмкін емес

Семейдегі «Нұр Отан» партиясы филиалының ғимаратында Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің ШҚО бойынша Департаментінің басшысы Болат Сатеков мүгедектік ала алмай жүрген семейлік тұрғындармен кездесті. Солардың бірі Қарлығаш Ахниязова, қызы Зайтуна Касымова, мүгедектік бойынша 3-інші топтан 2-інші топқа өту үшін өтініш жазыпты. Тағы бір адам Тлеубай Айсанов, соңғы кезде денсаулығы мүлде жоқ екен. Мүгедектік сұрап отыр.

-1982 жылы аттан құладым,-деді Тлеубай Айсанов,-ауруханада жаттым. Мүгедектік беріп еді, алмадым. Армия қатарына да бармадым. Соңғы 3-4 жылда қатты ауырып кеттім. Емдеу мекемелері созып жүр. Сараптама комиссиясына жібермейді.

Аталған азаматтарды қабылдауды Семей қалалық «Нұр Отан» пратиясы филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Дархан Жұмаділ жүргізіп отырды. Мүгедектікке өту мәселесі бойынша Семей қалалық әлеуметтік медициналық эксперттік комиссия (МСЭК) бөлімінің жетекшісі Райхан Узбекова барлық сұрақтарға жауап беріп отырды.

-Тлеубай Айсановқа емделу керек,-деді Райхан Узбекова,- Квота арқылы ем-шаралар жасауға жазылып қойғаны жөн. Бірден мүгедектік бере салу мүмкін емес, бұл адам амбулаториялық, стационарлық, отамен емдеу сияқты кезеңдерден өтуі қажет. Эндопротездеуді жасату керек. Бізде 44-інші бұйрық деген бар, мүгедектікке өткізудің ереже, қағидалары. Төрт айдың ішінде дәрігерлер сізді емдеу керек, қарау керек. Жағдайыңыз түзелмесе ғана емдеуші дәрігерлеріңіз медициналық сараптамаға жіберіп, содан кейін ғана мүгедектікке өте аласыз.

Сондай-ақ, Мейрамғазы Мұқажанов 2005 жылдан бері қарай қант диабеті ауруына шалдыққанын, мүгедектікке өткізуді сұрады. Райхан Узбекованың анықтамасына сүйенсек, оған ауыр дерті үшін үкімет тарапынан инсулинмен тегін қамтылған. Жағдайы әлі де болса назарда болады.

Талғат Ескалмасов омыртқа, буын ауруына ұшырағандықтан, 3-інші топтағы мүгедектіктен 2-інші топқа өткізуді сұрады.

-Алып келген құжаттардың барлығы қаралады,- Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің ШҚО бойынша Департаментінің басшысы Болат Сатеков, — Мүгедектік мәселесі бойынша қазір алып, тағайындап, шешіп беру бірден мүмкін емес. Десе де, арыз-шағымдарыңыз бізге «Нұр Отан» партиясы арқылы келетін болады. Мүгедектік мәселесінің емдеу кезеңдері болады. Шынымен де, науқастың қалы ауыр, жарамайтын болса, оны емдеу мекемесі сараптама жүргізгеннен кейін анықтап беріп, арнайы комиссияға жіберетін болады.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары