Біз әлеуметтік желілердеміз

Көл жағаларындағы үйлер мәселесін шешуге бір ай уақыт берілді

Шығыс Қазақстан

Көл жағаларындағы үйлер мәселесін шешуге бір ай уақыт берілді

Демалыс үйлерінің көбі заңды белшесінен бұза отырып салынған

Облыстағы көлдердің жағасындағы демалыс үйлерінің көбі заңды белшесінен бұза отырып салынған. Әсіресе, Сібе көлдері мен Бұқтырма су қоймасының жағалауындағы базалар су кодексінің талаптарына сай келмейді.

–Бұқтырмадағы демалыс үйлері неліктен суға жақын салынған? Талап бойынша суқоймасынан 500 метр қашықтықтағы аумақта құрылыс жүргізуге болмайды емес пе?!Сонда жағаға тақалған аталмыш ғимараттар қалай бой көтеріп жүр, енді не істемек ойларыңыз бар? – деді облыс әкімі осыған орай.

Табиғиресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Медет Нұрғалиевбұл сұраққа мардымды жауап бере алмады. Алғашында ол кодекс нормалары солайдесе, кейін мүлдем бар кінәні Зырян ауданының әкімдігіне арта салмақ болды.Себебі, ертеректе барлық рұқсат құжаттарын аталмыш мекеме беріп келген-міс.

Ұлан ауданындағы Дұбығалы көлінде де бейберекет құрылыс жұмыстары жүргізілген. Қысқамерзім ішінде-ақ шипалы көлдің жағасында жаңа кемпингтер мен үйлер бойкөтерген. Бұған рұқсат берген шенеуніктерді көлдің тазалық мәселесіалаңдатпайды. Ал әлгі ғимараттардың иелері айналасын «өз аумағым» деп санап,өзге демалушыларды су жағасына жолатпайтын көрінеді. Сібе көлдерінде де дәлосындай жағдай орын алған. Даниал Ахметовтің айтуынша, мұнда кәсіпкерлержағалауды меншікке айналдырып, халықтың шомылуына тыйым салған.

Облыс әкімібарлық құзырлы органдарға осы мәселені шешу үшін тура бір ай уақыт берді.Мерзім аяқталған соң нәтижелер облыс әкімі тарапынан тағы бір мәрте талданып,соңғы шешім шығарылмақ.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары