Біз әлеуметтік желілердеміз

Семейде жаңа жағажай салынады

Фото автордыкі

Семей

Семейде жаңа жағажай салынады

Ол жерде қала тұрғындары үшін барлық жағдай жасалатын болады

Бүгін суға түсу маусымы мен өрт қауіпсіздігіне байланысты өткізілген баспасөз мәслихатында қаланың сол жағалауында жаңа жағажай салынатыны туралы айтылды.

— Сорокин көшесі бойында жаңа жағажай бой көтереді. Бұл жерде қала тұрғындары үшін барлық жағдай жасалатын болады.Тіпті, биоәжетханалар, автотұрақ, киім ауыстыратын орын мен душ қабылдауға арналған арнайы кабинкалар салынады, — деді Семей қаласы Төтенше жағдайлар Басқармасы бастығының орынбасары Бақытбек Байбұров

Былтыр ғана журналистерге қалалық ТҮКШ бөлімінің сектор жетекшісі Жанна Шаймұратова былай деген:

«Міндетті түрде құтқару қызметі жұмыс атқарады. Халықтың лайықты демалуы үшін барынша жағдайлар қарастырамыз. Тазалық мәселесі де назардан тыс қалмайды»

Сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдары «Киім ауыстыратын орын, биоәжетханалар орнатылып жатыр»,- деп жарыса жазған болатын.  Алайда қазір көріп тұрғанымыздай бұл уәделердің ешқайсысы орындалмай, Түйемойнақ аралындағы демалыс орны көзден ғайып болып, құр қиял мен бос арман иесі болып қана қала берді. Халық тек ыстық күннен қорғайтын шатырлар мен жерге себілген құманан басқа, таңғаларлықтай ештеңе байқамаған.

Көпшілік шаһарда бұрын- соңды болмаған халыққа ыңғайлы, көптен бері армандаған жағажай ашылатын болды деп жар салып, қуанған еді. Осы жолы енді бәрі ойдағыдай болатынына сенейік. Ең бастысы, шаһар жұртшылығының көңілінен шықса игі.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары