Біз әлеуметтік желілердеміз

ШҚО-да бірнеше басқарманың есептерінде қателіктер кеткен

Шығыс Қазақстан

ШҚО-да бірнеше басқарманың есептерінде қателіктер кеткен

Ол өз кезегінде өңір рейтингісіне әсерін тигізді

Аумақтарды дамыту бағдарламасын іске асырубарысында статистикалық мәліметтер бойынша бірқатар қателіктер кеткен. Атап айтсақ, бірнеше басқарма жаңсақ көрсеткіштерді ұсыныпты.

Осының салдарынан облыстың қорытынды есебінен ұпайлар шегеріліп, ол өз кезегінде өңір рейтингісіне әсерін тигізген. Облыс әкімдігінің кезекті отырысында осы олқылықтары үшін спорт, туризм және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармаларының жетекшілері аймақ басшысының сынына ұшырады.

Елімізде қабылданғанаумақтарды дамыту бағдарламасы 102 индикатордан тұрады. Оларды ұлттық экономика министрлігі саралап отырады. Алынған мәліметтер негізінде қорытынды баға қойылып, өңірлердің рейтингісі анықталады.

– Халықтыңбұқаралық спортпен шұғылдану деңгейі төмендетіліп көрсетілген. Тұрғындардың орталықтандырылған су жүйесімен қамтылу үлесі де тым кем болып шыққан. Бізде ауыз сумен қамту бойынша үш жылға арналған кешенді бағдарлама қолға алынған. Яғни, көрсеткіштер оң болуы тиіс-тін. Туризм бойынша сіздер былтыр Алакөлде 79мың адам демалды деп есеп бергенсіздер, ал нақты мәлімет – 379 мың адам, – деп ескертті бұл ретте облыс әкімі.

Өткен жылдың қорытындысын шығару кезінде облыс 2,2 балдан айырылып, 49 ұпай жинаған. Жалпыбұл көрсеткіш өзге өңірлермен салыстырғанда жақсы. Дей тұрғанмен, олқылықтарорын алмаса көрсеткіш бұдан да жоғары болар еді.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары