Біз әлеуметтік желілердеміз

Риддерде жылуды шығындамайтын жылыжайлар салынады

Шығыс Қазақстан

Риддерде жылуды шығындамайтын жылыжайлар салынады

Голландық технология бойынша

Риддер қаласында голландық технология бойынша жылыжай салынбақ. Қаланың Жылу энергетикалық орталығының артық жылуы нидерландық мамандар салатын осы жылыжайға бағытталатын болады.

Энергетикалық орталықтың артық жылуын осылайша пайдалану жөніндегі жоба осыдан бірнеше жыл бұын америкалықэнергетиктерге ұсынылған болатын. Алайда олар бұл іске немқұрайлы қараған.Станцияның бүгінгі иелері голландықтар болса артық жылуды шығындамаудың бұл әдісіне үлкен қызығушылық танытып отыр.

–        Жылыжайқұрылысына арналған жер учаскесі бөлініп қойды. Ең бастысы мұнда 200 жаңа жұмысорны ашылады. Еңбекке негізінен әйел адамдар тартылатын болады. Шахтерлер менметаллургтердің қаласы үшін мұның да өзіндік маңызы бар. Өйткені біздеәйелдерді жұмыспен қамтуда қиындықтар туындап жатады,-дейді Риддер қаласыныңәкімі Жомарт Мұратов.

Шаһар басшысы Нидерландының мамандары жылыжай құрылысына ғана емес, көкөніс қоймасын салуыға да атсалысады деген үмітте.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары