Біз әлеуметтік желілердеміз

Семейде қарт әйел адам өрттен зардап шекті

Оқиғалар

Семейде қарт әйел адам өрттен зардап шекті

Өрт аумағы 30 шаршы метрді құрайды

Семейдегі Шығыс кентінің оң жақ саяжай алқабындағы үйлердің бірінен өрт шықты. Оқиға орнына дереу жеткен құтқару жасағының қызметкерлері оттың ортасында қалған 60 жастағы әйел адамды құтқарып қалған.

Зардап шеккен азаматшаны тез арада қаладағы «Бүйрек орталығы» мекемесіне жеткізген. Өрт сөндірушілер келгенше қызыл жалын жаздық үйдің шатырын шарпып үлгерген.

Тілсіз жау жалмаған аумақ 30 шаршы метрді құрайды. Қазіргі кезде өрттің шығу себеп-салдары анықталуда, ал иіс тиіп ауруханаға түскен үй иесінің денсаулығы бірқалыпты.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары