Біз әлеуметтік желілердеміз

Семейде жол апатында әкесі мен ұлы көз жұмды

Оқиғалар

Семейде жол апатында әкесі мен ұлы көз жұмды

Оқиға 8 маусым күні Абай көшесінде орын алды

Қайғылы оқиға 8 маусым күні орын алған. Семей қалалық ІІБ баспасөз қызметінің басшысы Елубек Оспановтың хабарлауынша, жол апаты түнгі сағат 1:30 шамасында Абай көшесінің бойында орналасқан Воскресенский соборының маңындағы реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде болған.

ВАЗ-2114 маркалы автокөлігінің жүргізушісі 33 жастағы ер адам мен 9 жастағы ұл баланы қағып кетті.

-Бала алған жарақаттардың салдарынан оқиға орнында көз жұмды, – дейді Елубек Оспанов. – Әкесі Жедел жәрдеммен Семей Мемлекеттік медициналық университетінің госпиталіне жеткізілді. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалуға күрескенімен, құтқара алмады.

Жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қозғалып отыр. Ол қазір қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары