Біз әлеуметтік желілердеміз

Семейде жер үйден өрт шықты

Шартты фото

Оқиғалар

Семейде жер үйден өрт шықты

Құтқарушылар қызыл алауды  үш жарым сағатта өшірген

Семей қаласындағы Кожкомбинат көшесінде орналасқан жер үйдің түгі қалмай өртеніп кетті. Семей қалалық ТЖБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт дер кезінде ауыздықталған.

Зардап шеккендер, иіс тигендер жоқ. Құтқару жасағының қызметкерлеріне оттың бетін қайтару оңайға түспеді. Олар қызыл алауды  үш жарым сағатта өшірген. Қызыл жалынның тұтануы газ баллонының жарылуы салдарынан екені белгілі болды.

Тілсіз жаудың шарпуына қасақана жасалған әрекет те негіз болуы мүмкін мүмкін деген болжам айтылуда. Қазіргі кезде өрттің шығу себеп-салдары анықталуда.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары