Біз әлеуметтік желілердеміз

Өскеменде жаяу жүргіншіні қағып кеткен жүргізуші табылды

Оқиғалар

Өскеменде жаяу жүргіншіні қағып кеткен жүргізуші табылды

Жол апаты 8 маусым күні сағат таңғы сегіздер шамасында орын алған

Полиция 17 жастағы қызды қағып, оқиға орнынан ізін суытқан жүргізушіні тапты.

Жол апаты 8 маусым күні сағат таңғы сегіздер шамасында орын алған болатын. Белгісіз автокөлік Лениногорская көшесі арқылы келе жатып, №131/1 үйдің жанындағы жаяу жүргіншілер өткелінде адамды қағып, оқиға орнынан қашып кеткен екен. Зардап шеккен 17 жастағы қыз басынан жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Қашқын жүргізуші жедел-іздеу шараларын өткізу барысында анықталды. 34 жастағы ер адам қамауға алынып, оған қатысты қылмыстық іс қозғалып отыр.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары