Біз әлеуметтік желілердеміз

Әлемдік деңгейдегі «Әлеуметтік психология» оқулығы қазақ тілінде

Білім

Әлемдік деңгейдегі «Әлеуметтік психология» оқулығы қазақ тілінде

Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында

«Жаңа гуманитарлық білім: Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында қазақ тіліне аударылған алғашқы оқулықтар Қазақстан-Американдық еркін университетіне де келіп жетті. Университеттің кітапхана қоры айтулы білім ордаларының сөрелерінде ғана кездесетін кітаптармен толықты. Енді қазақтың баласы өз ана тілінде әлемнің ғылым-білімін меңгермек.

Жақында Қазақстан-Американдық еркін унверситетінде Дэвид Г.Майерс, Жан М.Туенждің «Әлеуметтік психология» оқулығының таныстырылымы өтті. Бұл еңбек – Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша қазақ тіліне аударылған, осы саладағы дүние жүзінің маңдайалды университеттері мойындаған негізгі оқулықтардың бірі.

Шараның мақсаты – студенттер мен оқытушыларды әлеуметтік психология саласындағы құнды еңбек болып табылатын аталмыш оқулықты таныстыру.

Дэвид Г. Майерс, Жан М. Туенждің «Әлеуметтік психология» оқулығы аталған пәннің негізгі бағыттарын толық қамтиды. Кітапта күнделікті өмірде кездесетін әлеуметтік құбылыстардың психологиялық астары жан-жақты қарастырылған. Жеке тұлға, топ ішіндегі қарым-қатынас, тұлғаның түрлі әлеуметтік процестердегі рөлі, негізгі қызметі, даму өрісі сияқты әлеуметтік құбылыстардың психологиялық заңдылықтары заманауи зерттеулермен толықтырылып, тәжірибелік мысалдармен дәйектелген. Бұл оқулық әлеуметтік психология саласын зерттеп, зерделеп жүрген мамандар мен оқытушыларға және әлеуметтік психология пәнін арнайы оқитын жоғары оқу орнының студенттері мен аталған ғылымға қызығушылық танытушылар үшін таптырмас құрал. Кемеңгер жазушы М.Әуезов: «Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе — білім», – деген екен. Ендеше, алдыңғы қатарлы озық отыз елмен иық теңестіретін күн де алыс емес деп білеміз.

Нұрланова Әсем Нұрланқызы

Қазақстан-Американдық еркін университетінің «Педагогика және психология» кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары