Біз әлеуметтік желілердеміз

Бесқарағайға көлшіктерден қауіп төніп тұр

Фото автордыкі

Шығыс Қазақстан

Бесқарағайға көлшіктерден қауіп төніп тұр

Шағын көлдер аудан орталығына қауіп төндіріп тұр

Бесқарағайда 70 жыл бойы сыр бермеген шағын көлдер аудан орталығына қауіп төндіріп тұр. Халық арасында бұл көлшіктерге – Куликов және Камышанское (Қамыстыкөл) деген атаулар берілген екен. Әсіресе биылғы жыл Қарағайлы өңірге оңай болмайтын сыңайлы. Себебі судың деңгейі күрт көтеріліп, елдімекенді тілсіз жау алуы мүмкін.

Десе де жергілікті атқамінерлерде құр отырған жоқ. Тасқынды болдырмау үшін шұғыл әрекет жасағы құрылып, әкімдік су сорғылайтын 5 қондырғы сатып алыпты. Бүгінде 20 мыңнан аса текше метр су сорылған. Бұған қоса ауылдың шетіне топырақ пен қиршық тас төгіліп, құм салынған қапшықтардан бөгет салынды. Көктемгі су тасқыны кезеңіне аудан әкімдігі қыстан бері дайындалған. Сол уақыттан бастап, тұрғындарға ескерту жұмыстарыда жүргізілді дейді әкімдіктегілер. Ерте қабылданған шаралардың арқасында бірде-бір үйді, әзірге су алмаған. Әйтсе де қора-қопсы мен жерқоймаларға зардап тиген көрінеді. Кейбір тұрғындар баспаналарын дым тартты деп, наразы. Былтыр да бұл жағдай бесқарағайықтарды мазалапты. Ол кезде қызыл су үйлерге жайылып, төтенше жағдай жариялауға тура келген. Биыл мұндай факті орын алмады. Сол сияқты геодезист мамандардың көмегімен ең биік және төмен учаскілер анықталып отыр. Осы арқылы 1700 метр қашықтықты құрайтын арық қазылып, оның бойымен суды төменге қарай ағызу көзделген. Осылайша аудан билігі қауіптің бетін сейілтпек.

-Біз облыстық әкімдікке гидрологиялық барлау жұмыстары жүргізілу керектігін айттық. Өтініште берілді. Оның нәтижесіде қандай амалдар қабылдайтынымыз белгілі болмақ. Дер кезінде қолға алынған шаралардың арқасында бір үйді де су баспады. Мемлекетке және жекеменшік иелеріне залал тиген жоқ. Бірақта қауіптің бар екенін жасырмаймыз. Әр үйді аралап жүрміз. Жерқоймалары суға лық толы баспаналар жоқ емес, – деген аудан әкімі Дәулет Батырбаев, аталмыш сұрақ жіті бақылауда екендігін тілге тиек етті.

Аталмыш шағын көлдердің ұлғаюы жөнінде түрлі болжамдар айтылып келеді. Жергілікті халық оның түбінде бұлақ көзі бар екенін алға тартып отыр. Су құбырын тарту жұмыстары оның таралуына себеп болуы мүмкін дейді бесқарағайлықтар. Сол секілді Шүльбі СЭС-нан жіберілетін судың мөлшеріде бұған әсері етуі ықтимал деген жорамал бар.

-Су тасқынына қарсы арналған облыстық жоспарға түзетулер енгізілді. Осыған байланысты тасқынды алдын алуға бағытталған 8 іс-шараны әзірледік. Оны бекіту үшін облыстық әкімдікке жібердік. Сол бойынша гидротехнологтар келіп, бұл судың қайдан шығатынын анықтайтын болады. Содан кейін ғана барып, қорытынды шығармақпыз, – деді аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру және инспекторлық бөлімінің жетекшісі Руслан Заденов.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары