Біз әлеуметтік желілердеміз

Семейде бір жарым ай бойы іздестірілген бойжеткеннің денесі табылды

Семей

Семейде бір жарым ай бойы іздестірілген бойжеткеннің денесі табылды

Әйгерім Әміренова 16 сәуірде із-түссіз жоғалып кеткен еді

Осыған дейін Семейде 16 сәуір күні 18 жастағы Әйгерім Әміренова есімді бойжеткеннің іс-түссіз жоғалып кеткені туралы хабарлаған едік.

Қаламыздағы Қалматаев атындағы мемлекеттік медициналық колледжінде оқыған Әйгерімді тәртіп сақшылары мен қаладағы “RINA. KZ-Семей” еріктілер қозғалысының мүшелері де іздестірген.

Ал бүгін сағат кешкі 22:00 аралығында Инстаграм мен «Вконтакте» әлеуметтік желісіндегі «Волонтеры Семей RINA.KZ» парақшаларында Әйгерімнің өлі күйінде табылғаны  жайында жазылған. Әзірге осы оқиғаға қатысты толыққанды ақпарат ресми түрде ешқай жерде жарияланбаған.

Орын алған жағдайға байланысты «RINA. KZ-Семей» волонтерлер қозғалысының жетекшісі Евгения Павелға хабарласқан болатынбыз. Бірақ ол ақпарат беруден бас тартты.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары