Біз әлеуметтік желілердеміз

Моңғолиядан әкелінген көлікті қалай тіркеуге қоюға болады

Сұрақ-жауап

Моңғолиядан әкелінген көлікті қалай тіркеуге қоюға болады

Дифференциалданған мемлекеттік баж төлемдері бекітілген

– Менің сұрағым, Моңғолиядан келген оралман ағайындар өзінің жеке жеңіл көліктерін кедендік рәсімдеу жасаған соң, бұл жақта тіркеуге қалай қою керек? Немесе неліктен ол үшін төлем алынады? Мысалы, менің көлігім 2010 жылы шығарылған «Тойота Хайландер» маркалы көлік. Осы сұраққа жауап алғым келеді.

Көлбай Қарлығаш , Өскемен қаласы.

Сауалға облыстық ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әйгерім Нұрғазина жауап береді:

– Тіркеу әрекеттерін жүргізу үшін көлік құралдарының иелері төмендегі құжаттарды ұсыну қажет:

  • көлік құралын тіркеу (тіркеуден шығару) актісі;
  • жеке басын анықтайтын құжат;
  • Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 17 қарашадағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексімен (ары қарай Салық кодексі) бекітілген баждар мен жинаулар төленгенін растайтын құжаттарды. 2015 жылдың 17 қарашасында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне индустриялық-инновациялық саясат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының № 407-V заңы қабылданды. Аталған Заңға сәйкес көлік құралдарының шығарылған жылына байланысты механикалық көлік құралдарын алғаш рет тіркеу үшін дифференциалданған мемлекеттік баж төлемдері бекітілген.
  • техникалық құжат;
  • Мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісі, көлік құралын тіркеу туралы куәлігі және Қазақстан Республикасына уақытша енгізілген, сонымен қатар кері шығару міндеттемесімен енгізілген көлік құралының тіркеу құжаттары;
  • Ережелердің 12 пунктінде көрсетілген жағдайды ескермегенде, көлік құралын әкелу;
  • көлік құралына, нөмірлік агрегатқа меншік құқығын растайтын құжаттар (кедендік рәсімдеудің өтуін растайтын құжаттар (кедендік декларация, кедендік кіріс ордері), уақытша енгізілген жағдайда кері шығару міндеттемесі);
  • Кеден одағы комиссиясының шешімімен 2011 жылдың 9 желтоқсанында бекітілген Кеден одағының «Дөңгелекті автокөлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» № 877Техникалық регламентінің (ары қарай КО ТР 018/2011) 17 қосымшасына сәйкес көлік құралы құрамының қауіпсіздігі туралы куәлік;

Жеке тұлғалармен Кеден одағы/Евразиялық экономикалық одақтың (ары қарай КО/ЕЭО) біріккен кеден аумағына өзіндік қажеттілігіне енгізілген көлік құралдарын тіркеу кезінде шет елдерде тұратын тұлғаларды өз еріктерімен көшіруге жәрдемдесу бойынша мемлекеттік бағдарламаға қатысушы жеке тұлғалардан немесе бекітілген тәртіппен қашқын, көшуге мәжбүр деп табылған тұлғалардан көлік құралын тіркеу үшін 8 пунктте көрсетілген құжаттар талап етілмейді.

2010 жылы шығарылған «TOYOTA HIGHLANDER» маркалы көлік құралын алғаш рет тіркеу кезінде 500 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттік баж төлеу қажет.

Көлік құралын алғаш рет тіркеу кезінде Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексімен бекітілген Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелерін орындау қажет. Мәселен, қозғалтқыш көлемі 3500 т.см. болатын «TOYOTA HIGHLANDER» маркалы көлік құралы үшін бұл төлем 1150 АЕК құрайды.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары