Біз әлеуметтік желілердеміз

Өскеменге жаздың соңына дейін Алматыдан қанша трамвай әкелінеді?

Сурет: Тілеубек Шаяхмет

Шаһар шаруашылығы

Өскеменге жаздың соңына дейін Алматыдан қанша трамвай әкелінеді?

Қазір қалалық үш бағытта 10 ескі вагон жұмысын бастаған

Біраз уақыт қалада тоқтап қалған трамвайлар қозғалысына өткен аптаның соңынан бастап қайтадан жан біте бастады. Қазір қалалық үш бағытта 10 ескі вагон жұмысын бастаған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Енді жақын күндерде өскемендіктер қала көшелерінен Алматы қаласынан жеткізілген, жолаушы сыйымдылығы үлкен, шығарылған жылы бұрынғы трамвайларға қарағанда әлдеқайда жаңа, техникалық жарақтандырылуы жоғары қоғамдық көліктерді көріп қана қоймай, онымен діттеген жеріне дейін жете де алатын болады.

Бұл жөнінде бүгін кешкісін Өскемендегі трамвай паркінде болып, жаңадан құрылған «Өскемен қаласының көлік компаниясы» ЖШС-нің алғашқы жұмыс қарқынымен жете танысқан облыс әкімі Даниал Ахметов мәлім етті.

– Осыған дейін бірқатар басылымдар мен әлеуметтік желілерде «Өскеменге ескі трамвайларды несіне әкелген, ескінің қажеті қанша?» деген сыңайда материалдар жарық көрді. Байыппен салыстырып, көрсек бұлар біздің ескілерден әлдеқайда жаңа әрі сапалы және оны арзан бағаға сатып алдық. Тіпті, қайырымдылық акциясы деуге де болады. Бұрын қалада не-бәрі алты ғана трамвай жүрді. Ал мұндағы мамандар жаздың соңына қарай 25 трамвайды рельске шығарамыз деп отыр. Осының бәрі өскемендіктердің игілігі үшін жасалып жатқан шаруалар. Сондай-ақ, мен Алматыда болғанымда, олардан екі ретро трамвай жіберуді сұрадым. Олар да ескінің көзіндей жәдігер болып, көз алдымызда жүретін болады, — деді облыс әкімі.

«Өскемен қаласының көлік компаниясы» ЖШС-нің директоры Владимир Панковтың айтуынша, жаңа трамвайлардың алғашқылары аптаның соңында жолаушы тасылмалдауға кіріспек.

(Бұл туралы толығырақ облыстық «Дидар» газетінің алдағы сандарынан оқыңыздар)

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары