Біз әлеуметтік желілердеміз

Өскеменде 66 жастағы егде әйелді пойыз қағып кетті

Шығыс Қазақстан

Өскеменде 66 жастағы егде әйелді пойыз қағып кетті

Үйінен шыққан ол белгісіз бағытқа кетіп қайта оралмаған

Кеше 66 жастағы әйелді туыстары іздестіріп жатқан болатын. Үйінен шыққан ол белгісіз бағытқа кетіп қайта оралмаған, телефонынан да хабар болмаған. Бүгін таңертең оның денесі  Согра теміржол өткелінің маңынан табылды, деп хабарлайды Алтайньюс.

Қаза тапқан әйелдің келінінің айтуынша, ол соңғы жылдары жүйке ауруына шалдығып, диспансерде есепте тұрған көрінеді.

-Жалғыз өзі тұрып жатты, күйеуіміз екеуіміз жағдайын біліп барып тұратынбыз. Алайда кеше ұлы барған кезде ол үйде болмай шықты. Полицияға хабар бердік, олар кешке дейін іздеп таба алмаған соң таңертеңнен бастап телефоны арқылы жүрген жерін анықтай алатындарын айтқан,-дейді марқұмның келіні.

Таңертең 66 жастағы әйелдің денесі темір жол бойынан табылған. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, жоғалған әйелді пойыз қағып кеткен. Оғиғаның себеп-салдары әзірге белгісіз.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары