Біз әлеуметтік желілердеміз

Үржардан шыққан екінші Мәдина Ералиева — видео

Өнер

Үржардан шыққан екінші Мәдина Ералиева — видео

Youtube әлеуметтік желісінде дауысы Мәдина Ералиеваға ұқсайтын үржарлық әншінің видеосы кеңінен талқыланып жатыр. Желі қолданушылары бір ауыздан оны «екінші Мәдина Ералиева» деп атап отыр.

Қазақтың атақты әншісі, халқының сүйікті қызы Мәдинаның әнін шырқап жүрген Үржар ауданының тұрғыны Назым Мұқанбаева екен. Ол Крупская атындағы мектепте ән-күй пәнінен сабақ береді. Негізі Абай ауданы Медеу ауылының тумасы. Мәдинаға айнымай ұқсайтын дауысы бала кезінен бар көрінеді.

Назымның дауысына, өнеріне тәнті болған аудан халқы оны тойларына, мерекелеріне шақырып, ән салғызады.

Ол туралы Үржар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жанат Андасова да өз пікірін білдіріпті:

-Алла шебер ғой, тура Мәдинаның дауысын берген. Назым — өте инабатты мәдениетті қарапайым жан. Ауданда өте беделді. Жанұялы, екі баласы бар. Әттең, үлкен сахнада жүретін жан-ақ, — деп жазады Жанат Заманбекқызы.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары