Біз әлеуметтік желілердеміз

Семейде зират маңы 20 жылдан астам уақыт қоқыстан тазартылмаған

Семей

Семейде зират маңы 20 жылдан астам уақыт қоқыстан тазартылмаған

Жылда Қазақстанның әр түпкірінде проваславтықтар үшін ең қастерлі күндердің бірі «Ата-аналар» күні кең көлемде аталып өтеді.Бүгіннен бастап Семей шаһарында Павлодар және Знаменко тас жолы бойында орналасқан зиратқа дейін қатынайтын қосымша автобустар жүріп жатыр.

Осыған дейін халық арасында молалардың ішінен аяқ алып жүру мүмкін емес, жерде шашылып жатқан қоқыстардан көз сүрінеді деген наразылықтар көп болғандықтан, мәселені шешу үшін «Семей» көгалдандыру және көркейту жөніндегі мемлекеттік мекеменің коммуналдық кәсіпорыны барлық бейіттердің маңын жинау, тазарту жұмыстарын бастап кетті.

Осыған орай, осы жұмыстарға жауапты лауазыды тұлғалармен сұхбаттасып, атқарылып жатқан жұмыстарды өз көзімізбен көріп қайту мақсатында қала әкімдігі бастаған бір топ тілшілерПавлодарға кетіп бара жатқан жолдың шетінде шоғырланған зираттардың біріне барып қайттық.

Бұл жерде қоқыстың тым көп болуынан бөлек, басқа да мәселелер жетерлік екен. Соңғы жылдары кейбір Семей өңірінің тұрғындары заңға бағынбай , белгіленген шекарадан асып, рұқсат етілмеген «Жабық Зират» деп танылған жерлерге туған-туыстарын жерлеген. Қала әкімдігінің мәлімдеуінше, зират орнатуға арналған арнайы жер телімі нормаға сай 17 га болу керек, алайда өз беттерімен жерлеу рәсімдерін жүргізген көптеген адмдардың салғырттығынан бүгінгі күні қабірлердің алып жатқан орны шамамен 90 гектарға дейін созылып кеткен.

«Семей» көгалдандыру және көркейту жөніндегі мемлекеттік МКК директорының орынбасары Ержан Шайжүнісов:

«Жаңа Зират» аумағынан 20 камаз қоқыс шығарылып, қаламыздағы қоқыс тастайтын жерге апарып төгілді. Біраз жерлерде үйіліп жатқан қоқыстар кішкене де болсын азайды, алайда біз бұнымен тоқтап қалмай, әлі де тазалау жұмыстарын жүргізе береміз. Екі бригададан құралған жалпы саны 40-қа жуық азамат жұмыс жасап жатыр, алдағы уақытта жұмыс күші жетпей жатса тағы да қосымша адамдарды шақыратын боламыз. Бұл жердің барлық қоқысын тазартып бітпегенше ешқайда кетпейміз. Ал қала тұрғындарына айтарым, мәдениеттілік этикасын ұстанып, тазалықты сақтаса нұр үстіне нұр болар еді.

Ал, зират басына гүл шоқтарын қойып кету үшін келген Ольга Малахова болса қоқыс шығарып жүрген көліктерді көріп қатты қуанса керек.Ол кісінің айтуынша дәл осы аймақтың жиналмағанына 20-30 жылдай болған екен.

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары