Біз әлеуметтік желілердеміз

Семейлік боксшы Болгариядан олжалы қайтты

Спорт

Семейлік боксшы Болгариядан олжалы қайтты

Шығысқазақстандық жас былғары қолғап шебері Ерасыл Жакпеков Болгария астанасы София қаласында өткен халықаралық жарыста жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, Э.Джетчевті еске алуға арналған халықаралық турнирге 17 елдің 2002-2003 жылдары туған жас боксшылары қатысып, бірнеше салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтады.

Жалпы, аталмыш сайыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орын иеленгенін айта кеткен орынды. Ел құрамасының қоржынына түскен бірнеше жүлденің бірін осы Ерасыл Жакпеков салды. 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен жерлесіміз қарсыластарының түгелдей дерлігін айқын басымдықпен жеңіп, тек шешуші кездесуде ғана сүрінді. Финалда шаршы алаң иесі болгариялық қарсыласына жол берген Ерасыл осылайша дүбірлі жарыстың күміс жүлдегері атанды.

Айта кетейік, Талғабек Жакпековтың қол астында жаттығатын жас боксшы өткен жылдың жазында Азия чемпионы атағына қол жеткізген болатын. Сондай-ақ Ерасыл Қазақстанның спорт шебері атағына да ие екенін де айтқан жөн.

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары