Біз әлеуметтік желілердеміз

Рухани құндылықтарымызды әспеттеген конференция

фото автордыкі

Рухани Жаңғыру

Рухани құндылықтарымызды әспеттеген конференция

Аягөз ауданында  «Рухани жаңғыру» – «Қазақтың қасиетті рухани құндылықтары» атты конференция болып өтті.

Елбасының бастамасымен саяси реформа мен эко­номи­калық жаңғыруды қолға алған қазақстандықтардың қайта түлеудің айрықша маңыз­ды осынау екі процесін жүзеге асырудағы маңызы мен орны жайлы ой түйген жиналғандар өз пікір-пайымдарын ортаға салды.

Орталық кітапхана бастамашы болып ұйымдастырып отырған аталмыш шараға мектеп оқушылары, ктапхана қызметкерлері мен арнайы қонақтар қатысты. Аягөз қалалық мешітінің наиб имамы Дәулет Қинаятұлы дініміздің құндылықтары жайлы насихатын көркем сөзбен айтып өтті.

Көкенай Кәкібаланов,  Азанғали, Ақаш секілді ауданға белгілі қадірменді ағалар ақсақал бата берді. Шара соңынан жиылған қауымға діни кітаптар таратылды.

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары