Біз әлеуметтік желілердеміз

Риддердегі жол-көлік оқиғасы туралы ресми ақпарат берілді

Оқиғалар

Риддердегі жол-көлік оқиғасы туралы ресми ақпарат берілді

Өткен жексенбіде, 15 сәуірде, Риддер қаласында жол-көлік оқиғасы адам қазасына әкеп соқты. Кешкі сағат 9 шамасында шетелдік көлік жүргізушісі 1999 жылы туған жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

«BMW Х5» автокөлігі Айдарханов көшесімен ілеспе бағытта жолдың жиегінде жүріп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 1999 жылы туған жаяу жүргінші «жедел жәрдем» келмей тұрып, оқиға орнында қаза тапқан.

Оқиғаны тексеру барысында 45-жасар «BMW Х5» жүргізушісі мас күйінде болғаны және Риддер қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Құрманбаев екені анықталды.

— Риддер қаласы ІІБ ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі, яғни көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, — дейді ШҚО ІІД басшысы Жанарбек Бақтыбаев.

ШҚО әкімі тапсырмасына сәйкес жол-көлік оқиғасын тергеу ШҚО Ішкі істер департаменті бастығының бақылауына алынып отыр.

 

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары