Біз әлеуметтік желілердеміз

Назарбаев зияткерлік мектебінде түлектердің онкүндігі өтуде

Өскемен

Назарбаев зияткерлік мектебінде түлектердің онкүндігі өтуде

Назарбаев зияткерлік мектебінің биылғы түлектері балалар үйінде қайырымдылық концертін қою, қарттар үйіндегі қарияларға құрмет көрсету, футболдан мектепішілік турнир ұйымдастыру, осы және басқада  толып жатқан игілікті шараларды қолға алды. Іс-шаралар білім ошағында дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан түлектер онкүндігінің аясында жүзеге аспақ.

9 сәуірден бастап мектепте әртүрлі қызықты жұмыстар жүріп жатыр. Алғашқы күні зияткерліктер театрландырылған көрініс қойып, онда өздерінің осындай тамаша мектепте білім алып жатқандарына мақтаныштарын жеткізуге тырысты.

Екінші күні өткен қайырымдылық жәрмеңкесінде 12 сыныптың оқушылары өздері пісірген құймақ, торт, тоқаш, бәліш сияқты өнімдер мен компотты саудаға шығарды. Оқушылардың аналары қысқа әзірлеген тұздалған көкөністерімен бөлісті. Жиналған қаражат өздерінің араларындағы тұрмысы төмен отбасыларынан шыққан құрбыларына қажетті заттарын алып беруге жұмсалады екен.

«Алғысым шексіз, Ұстазым!» атты үшінші күні мектептің әрбір әдістемелік бірлестігі «Үздік кафедра», «Ерекше кафедра» сияқты  номинациялар бойынша сынға түсті. Мұғалімдерге мектеп өмірінен сахналық көріністер қою керек болды. Бұл идея көпшілікке ұнағаны соншалықты, мұғалімдер қызықты оқиғаларды еске алып, сүйікті оқушыларының образдарына кірді.

Онкүндікті осылайша табысты бастаған «бес минутсыз» түлектер енді шығармашылық қабілеттерін көңілділер мен тапқырлар клубының ойынында көрсетіп, өздерінің ең мықты КТК ойыншылары, биші әрі әнші екендерін дәлелдеді.

Айна Ескенқызы

"Omnia, quae volo, adipiscar."

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары