Біз әлеуметтік желілердеміз

Семейдегі бірнеше көшеге жаңаша атау беру мәселесі қаралды

фото автордыкі

Семей

Семейдегі бірнеше көшеге жаңаша атау беру мәселесі қаралды

Шаһардағы 30 көшенің атауы қайта жаңартылмақ.

Қала әкімінің орынбасары Надежда Шарованың айтуынша, Семейде ономастика мәселесін қарайтын арнайы топ жұмыс істейді. Оған қоғамдағы түскен пікірлерді зерттеумен айналысады.

-Біз көшелердің атауын өзгерту үшін жергілікті тұрғындармен келісіп, олардың да пікіріне назар аударамыз,-деді Надежда Шарова,-Соңғы шешімді әлеуметтік сұрақтарға байланысты отырыста мәслихат депутаттары қабылдайды. Оның қорытындысы ономастикалық комиссияға жіберіледі. Комиссия облыс көлемінде жұмыс істейді.

Айта кету керек, Семейде бірнеше көше ауысады деп күтілуде. Строительная көшесіне әнші-композитор Тұрсынғазы Рахимовтың, Парковая көшесіне Кеңес Одағының батыры Сағадат Нұрмағамбетовтің, Н. Крупская көшесіне жазушы Әзілхан Нұршайықовтың есімдері берілмек.

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары