Біз әлеуметтік желілердеміз

Шығыстың спортшылары он үш медальмен олжалы оралды

Спорт

Шығыстың спортшылары он үш медальмен олжалы оралды

Жуырда Қырғызстанның Бишкек қаласында джиу-джитсудан Азия чемпионаты өтіп, оған алыс-жақыннан 14 мемлекет қатысқан болатын. Үш күнге созылған дүбірлі додада шығыстан барған жігіттер 3 алтын, 4 күміс, 6 қола жүлдені жеңіп алды.

Мәселен, Ернар Сейпімәліков 16-17 жас арасында 55 келіде жекпе-жекке шыққан. Ол комбат тәсілі бойынша 1-орын, классикалық тәсілден 2-орынды иеленді.  50 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Денис Масеев комбат тәсілімен 2-орын, классикалық тәсілмен де 2-орынды жеңіп алды.  Ал, Оразбек Әлішер  16-17 жас арасында 65 келі салмақ дәрежесі бойынша 1-орынға шықты.  Ерасыл Мұқышев 16-17 жас арасында комбат тәсілімен 75 келіде 3-орын, классикалық тәсілмен 2-орынды иеленді.

18 жастан жоғары ересектер арасында сынға түскен Асхат Төлегенов 69 келі салмақта комбат тәсілі бойынша 3-орын, классикалық тәсіл бойынша 2-орынға ие болды.

Сондай-ақ, Ерлан Маусымбаев 16-17 жас арасында 65 келіде чемпион атанып отыр. Дубек Закиров 92 кг жоғары салмақта комбат тәсілі бойынша да, классикалық тәсіл бойынша да 3-орынды місе тұтты.

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары