Біз әлеуметтік желілердеміз

Еңбек нарығына қажетті мыңдаған маман даярлап шығарды

Шығыс Қазақстан

Еңбек нарығына қажетті мыңдаған маман даярлап шығарды

Өскемендегі Құмаш Нұрғалиев атындағы колледждің қалыптасуы мен дамуы педагогика ғылымдарының кандидаты, білім беру ісінің құрметті қызметкері Марат Нұрғалиевтың қызметімен тығыз байланысты. Елімізге әйгілі педагогикалық  династияның негізін қалаған Халық мұғалімі, бірнеше ордендердің иегері Құмаш Нұрғалиевтың ұлы Марат Құмашұлының бастамасымен ашылған колледждің құрылғанына биыл 20 жыл толды. Білім сапасымен ерекшеленетін кәсіптік оқу орны осы уақыт аралығында 11414 шәкіртін кәсіпке баулып, бір-бір мамандық иесі болуына жол ашты.

Бүгінгі күні колледж қарқынды дамып келе жатқан, әлеуметтік бағыттағы оқу орны. Колледждің мемлекеттік тілде оқыту бөлімінің меңгерушісі Гауһар Бейсенованың айтуынша, еңбек нарығындағы сұранысқа орай оқытылатын мамандықтар тізімі өзгеріп отырады. Мәселен, кәсіпкерлік қызметті дамыту сияқты қажетті мамандықтармен толығып отырады. Студенттердің 40 пайызы мемлекеттік тапсырыс бойынша грантта оқиды.

Қазір болашақ мамандарды даярлау он екі мамандық бойынша жүргізіледі.

 Оқу орнында студенттердің теориялық білімін тәжірибемен ұштастыру мақсатында 12 түрлі шеберхана және автошеберхана бар. Колледждің «ST Electronics» Сингапур компаниясымен және Рогаланд округінің біліктілікті арттыру және қайта даярлау орталығымен  халықаралық ынтымақтастығы жылдан жылға дамып келеді. Екіжақты келісімге сәйкес, колледждің екі мұғалімі Сингапурға барып, ағылшын тілін және қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды оқыту бойынша алты айлық курстан өтіп келді. Ал Сингапурдан келген шетелдік серіктестер колледжге мультимедиялық шкаф, интерактивті тақта және ағылшын, қазақ, орыс тілдерін үйренуге арналған MERiTS бағдарламасын сыйға тартты.

Колледж «Шығыс Қазақстан облысының техникалық және кәсіптік білім беру аймақтық даму моделі» Қазақстан-Норвегия қанатқақты жобасын жүзеге асыруға бастама көтеріп, «Техникалық және кәсіптік білім» атты алғашқы қазақстандық-норвегиялық корпоративтік қорының негізін қалады. Колледж базасында еліміздегі Норвегия елшісінің қатысуымен Норвегияның «РКК – Қазақстан» мамандарды даярлау және қайта даярлау орталығының филиалы ашылды.

 

 

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары