Біз әлеуметтік желілердеміз

Аягөздің тұрғындарына бас мүфти баспана берді

фото автордыкі

Шығыс Қазақстан

Аягөздің тұрғындарына бас мүфти баспана берді

Аягөз қаласында болған айтып келмес апаттың салдарынан бірнеше отбасының баспаналарынан айырылғаны мәлім. Зиян шеккен азаматтарға облыс, аудан әкімшіліктері көптеп, қолдап үй алып беретініне баспана, баспаналары жартылай жарамсыз болғандардың үйлерін жөндеп беруде. Осындай апат кезінде халқымыз «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара» жұмылып кететін жақсы қасиеті бар.

ҚМДБ-ның бас мүфтиі Серікбай қажы Сатыбалдыұлының тікелей мұрындық болуымен Аягөз қаласындағы апаттан зардап шеккен қала тұрғыны Ардақ Дүйсенов бауырымыз баспаналы болды. Бас мүфтидің бірінші орынбасары «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы Ардаққа салтанатты түрде баспана кілтін табыстады.

Аягөз ауданының әкімі Бақытжан Байахметов Наурызбай қажы Тағанұлына аудан жұртшылығы атынан бас мүфтиге ризашылығын білдіре отырып, арнайы «Алғыс хат» табыстады.
Жалпы, ҚМДБ бас мүфтиі Серікбай қажы Сатыбалдыұлының тікелей қолдауымен зардап шеккен екі отбасына баспана, жағдайы төмен екі жанұяға жәрдем беріліп отыр.

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары